Игілік ауылында жаңа мектеп ашылды

Аудан жаңалықтары 28-10-2025, 11:59 19

 

Республика күнін Марқакөлдіктер қуанышты іс-шарамен қарсы алды - Игілік ауылында бой көтерген жаңа мектептің ашылу салатанты өтті. Ашылу жиынына аудан әкімі Р. Кемешев, бөлім басшылары мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов арнайы барды.  Мерекелік жиында Қуат Оқасов сөз сөйлеп, игілікті істің елдің болашағына деген сенім мен қамқорлықтың көрінісі екенін атап өтті.

- Бүгін Игілік ауылында ерекше күн. Жаңа мектеп - еліміздегі білім саласына деген айрықша қамқорлығының айғағы. Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан осындай ғимараттар ауыл балаларына сапалы білім алуға үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы ұстаздар мен оқушыларға жайлы орта жасалды. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш, - деп қуат Оқасов ауыл тұрғындарын, оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Тұрғындар қуанышымен бөліскен аудан әкімі Р. Кемешев «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ қолында. Мемлекетіміз оқушылардың жайлы ортада білім алуына барлық жағдайды жасауда. Соның бір дәлелі Игілік ауылында салынған осы мектеп. Алдағы уақытта бұл білім ордасынан ел болашағын ойлайтын білімді ұрпақ өсіп, өнеді деген сенімдеміз», - деп ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың бой көтеруімен құттықтады. 

Мектептің ашылуында қызыл лента қиылып, жиналғандар жаңа ғимаратты аралап көрді. Қуанышты шарада ардагер ұстаздар құрметіне кабинеттер ашылды. Саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге арнаған ұлағатты ұстаз – Рузада Нұрбайқызының еңбек жолы мен қызметі бағаланып, жаңа мектептегі кабинетке есімі берілді. Ол 1938 жылдың 9 қарашасында Шығыс қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында дүниеге келеген.

Енді ауыл балалары заманауи білім алып, үлкен армандарға қанат қағуға мүмкіндік бар. Игілік ауылындағы жаңа мектеп елдің болашағы мен үлкен жетістіктердің ордасы. Балалардың күлкісі мен қоңырау үні енді осы еңсесі биік білім ордасының төрінен естіле бермек. Республика күні қарсаңында ашылған мектеп –  ауыл өміріне жаңа тыныс бергендей. Шалғай ауылдарға мектеп салып, ұстаздар мен оқушыларға жайлы жағдай жасап отырған Президент Қ. Тоқаевқа ауыл тұрғындары зор алғыс білдіруде. Жаңа мектепте білім алатын оқушылар көп болсын деп тілейміз.

Валентина Свириденко

Поделится
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[allow-comments-subscribe]{comments-subscribe}[/allow-comments-subscribe]