Марқакөл ауданы, Марқакөл мектебінде «Жас сақшылар» сыныбы ашылды.

Аудан жаңалықтары 7-11-2025, 00:43 11

Аудан орталығы Марқакөл ауылындағы №1 Марқакөл орта мектебінде кадет сыныбы ашылды. Бесінші сынып оқушылары «Жас сақшы» кадеттер қатарына қабылданып, арнайы ант берді.

 

Мұндай сыныпты құрудың басты мақсаты – балалардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, кәсіби бағдарын анықтауға бағыт беру, болашақ мамандық таңдауға көмектесу.

Іс-шараға Марқакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, білім бөлімі өкілдері, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты. Кадеттер үшін полицейлердің үлгісімен арнайы форма әзірленді. Кішкентай полицейлерге «Жас сақшы» куәлігі табысталып, салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді. Қазіргі таңда кадет сыныбына 14 оқушы қабылданды.

Мектеп директоры өз сөзінде кадет сыныбының ашылуы жасөспірімдердің тәртіпке бағынуына, жауапкершілік сезімін күшейтуге, азаматтық сана мен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Жас сақшылар әскери дайындық, саптық тәртіп, алғашқы медициналық көмек, спорттық және патриоттық бағыттағы арнайы сабақтармен қамтылатын болады.

Валентина Свириденко

Поделится
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[allow-comments-subscribe]{comments-subscribe}[/allow-comments-subscribe]