Марқакөл ауданында 2026 жылы жол және инвестициялық жобаларды дамыту басталады

Аудан жаңалықтары 7-11-2025, 00:52 24

2026 жылы Марқакөл ауданында жол-көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды кең көлемде жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл туралы аудан әкімі Рүстембек Кемешев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Аудандық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында екі негізгі бағыт бойынша орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде:

  • «Омбы – Майқапшағай – Теректі – Игілік – Шеңгельді» жолының ұзындығы – 45,3 шақырым, алдын ала құны – 1 350 млн теңге;
  • «Күршім – Қалжыр – Ақбулак – Қарой – Ашалы – Қайнарлы» жолының ұзындығы – 12 шақырым, жобалық құны – 1 080 млн теңге.

Сонымен қатар, «Altai Invest» халықаралық инвестициялық форумы аясында ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Қытайдың «Хэйлунцзян провинс Бада Роуд» компаниясы Төсқайың ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Altai Invest – 2025» форумында Марқакөл ауданы әкімдігі мен «Aila Tau» ЖШС арасында 598 млн теңгелік келісім жасалды. Жоба аясында Шанағаты ауылында марал шаруашылығына бағытталған сауықтыру-туристік кешен салынады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026–2031 жылдар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде екі жоба мақұлданды:

  • «Рахат Туризм» экологиялық кешені – қонақүйді қайта жөндеп, жабдықтарын жаңарту;
  • «Айсай» ОКК – Ақжайлау ауылында туристерге арналған киіз үйлерден тұратын этноауыл салу.

 

Бұдан бөлек, 2026 жылы Марқакөл ауылында қуаттылығы 6 Гкал болатын орталық қазандық пен ұзындығы 12 шақырым жылу желілерінің құрылысы басталады.

Марқакөл ауданы әкімдігі

Поделится
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[allow-comments-subscribe]{comments-subscribe}[/allow-comments-subscribe]